Франция соты он жыл бойы әйеліне транквилизатор беріп, басқа еркектерді шақырып зорлатқан Доминик Пеликоға қатысты үкім шығарды. 72 жастағы француз 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдарына сүйенсек, Доминико Пелико әйелі Жизель Пеликоны он жыл бойы наша беріп, ұйықтатып тастап отырған. Осыдан кейін желі арқылы бөтен еркектерді өзінің әйелін зорлауға шақырған. Жалпы 200-ге жуық зорлау оқиғасы болған. Олардың ішінде күдікті ретінде 50 ер адам сот залына шақырылды.
46-сына сот зорлық жасағаны, екеуіне зорлауға әрекет жасады, тағы екі күдіктіні сексуалды зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп тапты. Оларды бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Көпшілігі кінәні мойындаудан бас тартты.
Кейбір БАҚ-тың жазуынша, сот процесі кезінде Доминик жылап, әйелінен кешірім сұраған. Өзі де 9 жасында зорлық көргенін айтқан. Бірақ сот үкім оқыған кезде ешқандай эмоция көрсетпеген.
Тергеу кезінде жәбірленуші Жизельдің құпия болудан бас тартып, өзін ашық көрсетуі де қоғамда резонанс туғызды. Осы іске көпшіліктің назарын тарту және өзі тәрізді зорлықтың құрбаны болған әйелдерге қолдау білдіру үшін осылай жасағанын айтады.
2024 жылы желтоқсанда ВВС оны әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізіміне қосты.