Жер үйде тұратындар енді eGov Mobile қосымшасы арқылы табиғи газға қосылу техникалық шарттарын тегін ала алады. Ол үшін үйдің орналасқан жері QazaqGaz Aimaq-тың қамту аумағына кіруі тиіс. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосыла алатынын растайтын ресми құжат.
Бұл қызметке үй иесі өтініш береді. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.
eGov Mobil қосымшасынан «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде авторизациядан өтіп, онлайн-нысанды толтырып, нысанның техникалық паспортын тіркеп, өтінімді Face ID немесе Touch ID арқылы қояды.
Өтінім дұрыс толтырылса, техникалық шарттар беріледі. Егер QazaqGaz Aimaq-тың желілері жоқ, жүктемесі жоғары, қажетті жабдықтар болмаса өтініш кері қайтарулы мүмкін.