Жалға берілген пәтер өзін-өзі қанша уақытта ақтайды: тұрғын үйге инвестиция салу тиімді ме?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қазақстандықтар арасында пәтерді жалға беру арқылы табыс табу өте танымал. Халық қолда бар қаржысына пәтер сатып алып, оны жалға беріп қойғанды жөн көреді. Алайда мұндай инвестиция шынымен тиімді ме? Krisha.kz сарапшылары бұл сұраққа жауап іздеп, әртүрлі қалалардағы пәтерлердің өзін-өзі ақтау мерзімін есептеді.

Жалға беру пәтер құны қанша уақытта ақтайды?

Сарапшылар зерттеуге 35 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің орташа нарықтық құны мен жалдау ақысын негізге алған. Нәтижесінде Қазақстанда пәтерді жалға беру оның құнын орта есеппен 9,6 жылда ғана өтейтіні анықталды.

Көкшетау пәтер құны ең жылдам ақталатын қалалар арасында көш бастап түр. Бұл қаладан пәтер сатып алып, оны жалға беріп қойса, 8 жылда ақшасын шығарып алуға болады.

Екінші орында Ақтөбе келеді: 8 жыл 7 ай. Ал үшінші орынды Қостанай тұр: бұл қаладағы пәтерді жалға берсек, 8 жыл 9 ай дегенде кеткен ақша табыс ретінде қайтады. Дәл осы қалаларда инвестиция тез ақталып, пайда әкеле бастайды.

Ал Ақтау, Шымкент және Алматы қалалары, керісінше, инвестиция ең ұзақ ақталатын қалалар қатарына енген. Бұл қалаларда пәтердің өзін-өзі ақтау мерзімі 10 жылдан асады. Мәселен:

  • Ақтау – 11 жыл 9 ай.
  • Шымкент – 11 жыл 3 ай.
  • Алматы – 10 жыл 7 ай.


Бұл ретте сарапшылар көптеген қазақстандықтар үшін пәтерді жалға беру табыс табудан гөрі, ақшаны сақтау құралы ретінде маңызды екенін атап өтеді. Себебі жалдау табысы жылына шамамен 10%-ды құрайды, ал депозиттер 15%-ға дейін пайда әкелуі мүмкін.Дегенмен, пәтер құны мен жалдау ақысының өсуі, инфляцияны ескерсек, бұл әдіс қаржыны сақтау және инфляциядан қорғаудың өзекті құралы болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыз