Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанның 19-21 аралығында қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді.
Циклонның әсерінен солтүстік пен орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар), бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
19-20 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында, ал 20 желтоқсанда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп болжанып отыр.
Желтоқсанның 21-інен бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Сонымен қатар солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде температураның төмендеуі күтіледі.
Ауа температурасы қандай болады?
- Батыс өңірлерде: түнде 3-13 градустан 5-18 градусқа дейін аяз;
- Шығыс өңірлерде: түнде 10-26 градустан 7-20 градусқа дейін аяз;
- Солтүстік пен орталықта: түнде 10-25 градус аяз;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: түнде 7-13 градус, ал таулы аудандарда 15-18 градус аяз күтіледі.