«Муфаса: Арыстан патша» фильмін қазақ тіліне кімдер дыбыстады?

Жарияланды 19 Желтоқсан 2024 14:45

(жаңартылды 19 Желтоқсан 2024 15:07)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Муфаса: Арыстан патша фильмін қазақша кімдер дыбыстады? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

19 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Муфаса: Арыстан патша» фильмін қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік бар. Meloman дистрибьюторінің мәліметінше, фильмнің қазақша дубляжы елімізге белгілі актерлердің қатысуымен дайындалды.

  • Рафики рөлін – Дулыға Ақмолда,
  • Муфаса рөлін – Ерасыл Мухамадиев,
  • Сарабидің вокалдық партияларын – Динара Сұлтан,
  • Пумба рөлін – Бақтияр Байсерік,
  • Муфасаның вокалдық партияларын – Әбік Жексен дыбыстаған.

Фильмдегі басты ерекшелік – жануарлардың қазақша атауларының қолданылуы. Балалар мен көрермендер арыстанның ұрғашысын «қаншыр», төлі «абдан», сондай-ақ «мүйізтұмсық», «сүйелді қабан», «ніл қолтырауыны» секілді терминдерді естіп, олардың қазақша атауларын біле алады.

Фильм Прайд жерлерінің болашақ патшасы Муфасаның тағдырын баяндайды. Хикаяда жетім қалған жас Муфаса Така есімді патша мұрагерінің қолдауына ие болады. Екеуі қауіпті жауға қарсы тұрып, тағдырларын өзгертетін сапарға шығады. Бұл саяхатта олардың достығы үлкен сынақтан өтеді. Сонымен қатар, көрермендер Тимон мен Пумбаның танымал әзілдерін де тамашалай алады.

«Муфаса: Арыстан патша» – бұл отбасылық құндылықтарды, достық пен ерлікті дәріптейтін керемет анимациялық туынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ тіліне дубляждалған мультфильмдердің көпшілігі сәтті жобаға айналды. 2024 жылы «Ойжұмбақ – 2», «Веном: Соңғы би», «Мен жексұрын» «Жабайы робот» «Моана 2» фильмдері қазақ тіліне дубляждалған.

Сондай-ақ, «Моана 2» қазақ тілінде 151 млн теңгеден астам касса жинап «Ойжұмбақтан» асып түсіп, қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің арасында рекорд орнатты.

Сондай-ақ оқыңыз