Lifestyle

SCAT әуе компаниясы Астанадан Камбоджаға тікелей рейстерді тоқтатады

pexels.com, бильд-редактор: Милош Муратовский

2025 жылдың қаңтарынан бастап SCAT әуе компаниясы Астанадан Камбоджаға тікелей рейстерді орындауды тоқтатады.

Kursiv LifeStyle редакциясы жүргізген тексеріс нәтижесінде билет брондау жүйелерінде бұл бағытқа рейстердің болмағаны анықталды. Сол сияқты туроператорлардың ресми сайттарында да бұл бағыт бойынша жолдамалар сатылмайды.

SCAT әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты: «Қаңтар айына рейстер кестесі ішінара өзгертілді, бірақ нақты ақпарат туроператорда», – деп жауап берді.

Туроператор бұл мәселеге әзірге пікір білдірмеді. Дегенмен олардың ресми сайтында да Астанадан Камбоджаға бағытталған жолдамалар жоқ.

Бұл бағыттың болашақта қайта жанданатыны немесе жанданбайтыны әзірге белгісіз. Алайда Алматыдан Камбоджаға рейстер орындалатыны белгілі.

Айта кетейік, Астанадан және Алматыдан Камбоджаға тікелей рейстер алғаш рет 2024 жылдың қазан айында іске қосылған еді. Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер тек транзит арқылы жүзеге асырылатын.