Чехия ресейліктердің азаматтық алуына қатысты заң талаптарын күшейтеді

Жарияланды
Паспорт Россия
Чехиядан азаматтық алығысы келген ресейліктер РФ төлқұжатынан түбегейлі бас тартуы керек /фото: Pixabay.com

Чехия парламенті депутаттары Lex Ukrajina VII заң жобасын мақұлдады. Егер Сенат жобаны қолдаса, жаңа баптар қолданысқа енеді. Ресейден келіп, азаматтық сұрағандарға талап қатаңдайды. Анығын айтсақ, аталған елдің тұрғыны РФ азаматтығынан түбегейлі бас тартуға тиіс.

Жасы 15-тен асқан әр ресейлік осы талапқа бағынуы керек. Тіпті одан бұрын да өтініш білдіргендерге де осы шектеу қолданылады.

Дегенмен жергілікті билік Чехиядан пана сұрағандарға және басқа да гуманитарлық себеппен азаматтық беру жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Заңда Украинадан келген азаматтарды уақытша қорғау мерзімін ұзарту да қарастырылған. Жаңа заң жобасы 2025 жылдың ақпан айында күшіне енеді.

Чехия Мәскеуге одан бұрын да қырын қарап келеді. 2022 жылы осы елдің Сыртқы істер министрлігі азаматтарын Ресейден кетуге шақырды. Сол кезде Ресей паспортын алғандарға көмектесе алмайтынын ашық айтқан. Одан кейін Шенген визасын алып, қыдырып келген Ресей азаматтарын шекарадан өткізбейтінін хабарлады.

2024 жылы Украина әскерінің құрамына қосылып, Ресейге қарсы соғысқан чехтерді қолдайтынын, рұқсатсыз кетсе, кешірім беретінін мәлімдеді. Тіпті осы мақсатта Президент рұқсатымен ресми түрде соғысқа жіберетіндерін де қаперге салды.

Сондай-ақ оқыңыз