Тоқаевпен кездескен Варгас Euronews Academy қазақ журналистикасын дамытуға үлес қосатынын мәлімдеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев Euronews арнасының ірі хабқа айналатынына сенетінін айтты. Еуропадағы агенттік Орталық Азия тынысы туралы ақпарат таратпақ.
«Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», – деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде ақпарат алаңында білікті мамандар дарялау жайы туралы сөз қозғалды. Одан бөлек әлемдегі геосаяси жағдайлар да әңгіме өзегіне айналған.
18 желтоқсан күні Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі ашылды. Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас қазақтардың тарихы тереңде екенін баяндаған.
«Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен, суретшілермен және таланттармен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз», – деп мәлімдеді Варгас.
Euronews арнасы Қазақстанда мәдени-танымдық бағытта 20-дан астам жобаны жүзеге асырмақ.