Қазақстандықтардың жартысына жуығы басқа салада жұмыс істегісі келеді

Жарияланды
Қазақстанда кәсіп иелерінің 48%-ы жұмыс ауыстырғысы келеді/ фото: kursiv.media

Қазақстанда әртүрлі салада еңбек етіп жатқандардың 48%-ы өз жұмыс орнын ауыстырғысы келеді. Бұл жөнінде HeadHunter «Жаңа мүмкіндікті іздеу жолында 2025 жылы еңбек нарығын қандай өзгерістер күтіп тұр?» тақырыбында өзінің әлеуметтік зерттеуін ұсынды.

Өндіріс пен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 63%-ы, көлік пен логистика нарығында қызмет ететіндердің 59%-ы, сауда саласындағылардың 55%-ы басқа секторға ауысқысы келеді.

Ішкі мигранттардың көбі Астана мен Алматыға көшкісі келетінін айтқан. Мегаполистерді өзінің жарқын болашағымен байланыстырады.

Сауалнамаға қатысқандардың 20%-ы IT-салаға ықыласты екенін танытқан. Соның ішінде әйел азаматтар жаңа технологияны меңгеруге ұмтылып отыр.

Респонденттер басқа жұмысқа ауысуына жалақының аз болуы (67%), мансап жолындағы шектеу (45%), ауыр еңбек жағдайы (38%) себеп болады деп түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз