Халық қарызға батып барады: проблеманың шешімі бар ма?
Қоғамда халық қарызға батып барады деген пікір бар. Кімнен сұрасаң да, қарыздан көз ашпай жүрміз дейді. Ипотека, онлайн қарыз, айлыққа дейін займ, бөліп төлеу, тіпті тамақ пен киімді де қарызға алатындар бар. Бірақ биліктің есебінше бізде шамадан тыс кредитке бату проблемасы жоқ. Сонда қарызданып жүргендер кімдер? KursivMedia редакциясы осы проблеманы зерттеп көрді.
Ұлттық банктің қазан айындағы есебіне сенсек, қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 39,2 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 21 пайызға көп. Оның жартысынан көбі (54%) жеке тұлғаларға берілген.
Жеке тұлғалардың қарызы бір жыл ішінде 23%-ға өсіп, 21 трлн теңгеден асты. Бүгінгі таңда 8,5 млн қазақстандықтың басында қарызы бар. Бұл экономикалық белсенді халықтың 80%-ы деген сөз. Қарызын 90 күннен кешіктіргендердің берешегі 1,4 трлн теңгеге жеткен.
Сарапшылар кредитін жаба алмай жүргендердің көбі әлеуметтік осал топ өкілдері екенін айтады. Бірақ бұл тек қаржы нарығын реттеушіге түскен шағымдарға сүйеніп жасалған тұжырым. Нақты статистика жоқ.
Қарызға белшесінен батқандарды құтқару үшін банктер кредит алуды шектеп, Үкімет банроттық туралы заң қабылдады. Банктер 41 млрд теңгенің кредитін есептен шығарды.
Бірақ іс жүзінде қарыз көлемі көбеймесе азайған жоқ. Неге халық кредитке тәуелді? Қарыздың тұйық шеңберінен шығудың басқа қандай жолдары бар? Сарапшылар кеңесін YouTube арнамыздан көре аласыздар.