Қазақстандағы банк конгломераттарының активтері 2024 жылдың ІІІ тоқсанында 4,2 трлн теңгеге (9,8%) артып, 45,9 трлн теңгені құрады. Бөлінбеген табысы 5,6 трлн теңге жеткен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) статистикасында жазылған.
Банк конгломерттары берген несие 9 айда 12,1%-ға өскен. Жалпы 25,5 трлн теңге несие рәсімделген. Әсіресе, «АЛМЭКС» холдинг тобы (430 млрд теңгеге) мен Kaspi.kz (387,4 млрд теңгеге) банк конгломератының көрсеткіші жоғары.
Бағалы қағаздар портфелі 12,9 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өсімі «Еуразиялық қаржылық компания» (212,3 млрд теңгеге) және First Heartland Securities (200,3 млрд теңгеге) банктік конгломераттарында байқалған.
Ірі банк конгломераттары қандай?
ҚНРДА дерегі бойынша, Қазақстанда 10 банк конгломерат тіркелген. Соның ішінде ірі конгломераттар үштігіне кіретіндер:
- «АЛМЭКС» холдингі – 17,6 трлн теңге. Тимур және Динара Құлыбаевтар осы холдинг арқылы Halyk Bank-ке иелік етеді.
- Kaspi.kz – 7,6 трлн теңге. Бұл конгломераттың иелері арасында Baring Vostok қоры, Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе бар.
- Банк ЦентрКредит – 6 трлн теңге. Оның иесі – Бахытбек Байсеитов және Владислав Ли.
Бұл үш ірі конгломераттың жалпы активтері 31,3 трлн теңгені (немесе банк сектордың 65,1%-ын) құрады. Сонымен қатар олардың үлесінде сектордың несие портфелінің 74,9%-ы және бағалы қағаздар портфелінің 53,1%-ы шоғырланған
Банк конгломераттарының міндеттемелері есепті тоқсанда 9,6%-ға (немесе 3,5 трлн теңгеге) артып, 40,3 трлн теңгені құрады. Міндеттемелердің артуына клиент қаражатының 8,7%-ға (2 545,5 млрд теңгеге) өсуі ықпал етті. Қазір 31,6 трлн теңгені құрайды. Атап айтқанда «Nova Лизинг» банк конгломератының міндеттемелері қатты өскені байқалады. Банк конгломератының міндеттемелері 268,9 млрд теңгеге артқан.