Lifestyle

Құтқарушылар бір түнде 63 адамды қар құрсауынан алып шықты

Құтқарушылар бір түнде 63 адамды қар құрсауына алып шықты
Құтқарушылар бір түнде 63 адамды қар құрсауынан алып шықты / Фото: shutterstock

19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні құтқарушылар екі облыста жолда қалған 63 адамды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, алдымен құтқарушылар Жетісу облысында 4 адамды қар астынан шығарған. Кейіннен қостанайлық ТЖМ қызметкерлері қар құрсуында қалған 59 адамды құтқарып, қауіпсіз орынға эвакуациялаған.

Жетісу облысында Алакөл ауданы, Үшарал-Достық автожолының бір бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жеңіл автокөліктер қар арасында қалған. Құтқарушылар арнайы техникамен барып, көліктегі төрт адамды Көктұма ауылына жеткізген. Олар өздеріне медициналық көмек қажет емес екенін айтқан.

Қостанай облысында автобустың бұзылуына байланысты 59 адам жолда қалған. Төтенше жағдай Денисов ауданындағы Қарабұтақ-Қостанай автожолында болды. Құтқарушылар азаматтарды эвакуациялап, Денисовка ауылына жеткізді. Зардап шеккен азаматтар медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтып тарқасқан.

Алдағы бірнеше күнде елдегі ауа райының бұзылатыны туралы жазған едік. Сондықтан алыс жолға шықпас бұрын жолдың жағдайымен, ауа райын бағамдап алған жөн.