Шенген визасын алу жеңілдейді. Өйткені, Қазақстан мен Еуроодақ арасында ынтымақтастық артып келе жатыр. 2025 жылы Еуроодақ пен Қазақстан қазақстандықтар үшін визалық либерализация мәселесі талқынады. Бұл жөнінде Қазақстан СІМ вице-министрі Роман Василенко мәлімдеді.
IPG-ге берген сұхбатында, вице-министр келесі жылы СІМ қазақстандықтарға шенген визасын алуды жеңілдету үшін Еуроодақ елдерімен келіссөз басталатынын айтты.
«Қазақстан 2017 жылдан бастап ЕО-ның барлық елдерінің азаматтарына визасыз режим берген. Сөз жоқ, өз азаматтарымыз үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз», – дейді вице-министр.
Роман Василенконың айтуынша, 2023 жылы қазақстандықтар үшін ЕО-ға мүше елдердің визалық режимін жеңілдету және реадмисия мәселесі бойынша ресми кеңестерді бастау туралы келісімге қол жеткізілген. Қазіргі кезеңде Еуропалық одақ елдері бұл жөнінде өзара келіссөз жүргізіп жатыр.
«Біз 2025 жылы бұл мәселе бойынша келіссөздер ресми түрде басталады деп үміттенеміз», – деді вице-министр.
Роман Василенконың мәлімдеуінше, қазақстандықтарға виза режимінің жеңілдеуі екі тараптың да мүддесіне сай келеді. Және Еуропалық одақ пен Қазақстанды жақындастыра түспек.
Мұның алдында Еуроодақ виза берді жеңілдету үшін Қазақстанмен келіссөз жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген еді.