Жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясы Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахтермен бітімге келді

Оңтүстік Жезқазған кеншілері ереуілді тоқатты/фото: pexels.com

«Қазақмыс» корпорациясы кеншілер наразылығы аяқталғанын хабарлады. Яғни Оңтүстік Жезқазған кенішінің (65-шахта) жұмысшылары тоқтамға келгенін айтқан. Корпорация мәліметіне сенсек, тараптар татуласқан.

«Өз кезегінде жұмысшылар Оңтүстік Жезқазған кенішінің штаттық жұмысын қалпына келтіруге дайын екендерін жеткізді», – деп мәлімдеді «Қазақмыс».

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев ереуілге шыққан шахта кеншілеріне басы артық талап қоймайтынын, олармен мәміледе болатынын мәлімдеген.

«Компания бұл келісім жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы серіктестік қатынасты нығайтуға жасалған маңызды қадам екеніне және корпорация кәсіпорындарының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімді», – делінген үздіксіз ақпарат беріп отырған корпорация сайтында.

Сонымен, келіссөз нәтижемен аяқталды:

  • 13-жалақыға қосымша 30% сыйақы төленеді;
  • Әр тоқсан сайын шахташылар сыйақы алып отырады;
  • Еңбекақыға 8,5% үстемеақы қосылады.

«Қазақмыс» бұған қоса әлеуметтік пакеттерді ұлғайтатынын хабарлады.