«Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясы – «Ембімұнайгаз» Тайсойған полигоны аумағында барлау жұмысын жүргізеді. Компания мұнай мен газ қорын табуды мақсат етіп отыр. Оған уәкілетті орган экологиялық рұқсат берген.
Биыл «Ембімұнайгаз» ескі полигон аумағын тексерген. Тереңдігі 50 метрден болатын сегіз ұңғыманы қазған. Соның нәтижесінде жерасты суына зара болмайды деген қорытындығы келген.
Тайсойған тарихы
КСРО кезінде 1949 жылы Атырау аумағында сынақ алаңы бекітілді. Қаладан 250 шақырым жерде осы жерге зымырандар жарылды. 1966 және 1977 жылдары 25 жерасты ядролық жарылыс сынақтан өтті.
Полигон аумағы үкіметаралық келісім нәтижесінде 2015 жылы Қазақстанның құзіретіне өтті. Геопортал арқылы бұл жерде мұнай өндіретін 25 нысан анықталған.
Қыркүйектің 17-сінде «Ембімұнайгаз» компаниясы «ҚазМұнайГаздың» иелігіне өтті. 2023 жылы 402,7 миллиард теңге пайда тапты.