Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрлігін басқаруға Серік Жұманғарин келеді

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин болды
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин болды / Фото: Асқар Ахметуллин, kursivmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен бүгін босаған Ұлттық экономика министрі қызметіне Серік Жұманғарин тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Жұманғарин әр жылдары Сауда министрлігінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде, Табиғи монополияға қарсы күрес қызметінде жұмыс істеген. 2023 жылдан премьер-министрдің орынбасары болып келген.

Парламент ақпаратына сүйенсек, жаңа министрдің кандидатурасын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті 21 желтоқсанда мақұлдаған.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда президент жарлығымен Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған. 10 ай министр болған Байбазаровтың кезеңі теңгенің рекордты құлыдырауы және инфляцияның жоғарылауымен есте қалған.