Lifestyle

Qalam-ның апта таңдауы: Желтоқсан жайлы Батыс баспасөзі не жазды?

Qalam-ның апта таңдауы: Желтоқсан жайлы Батыс баспасөзі не жазды?
Qalam-ның апта таңдауы: Желтоқсан жайлы Батыс баспасөзі не жазды? / Фото: коллаж kursiv.media

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада редакция Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желтоқсан оқиғасы туралы Батыс баспасөзі не жазды?» атты зерттеу мақаласын ұсынды. Мариам Новикованың «Кореяның тұрмыстық ырымдары» атты материалы да оқуға тұрарлық өзгеше тақырып. Ал Ольга Гумированың «Ежелгі граффити құпиясы» зерттеуінен Жетісудың Арқарлы тауларындағы тек таңертең ерте немесе күн батар шақта ғана көруге болатын құпия петроглифтердің сырлы да тылсым құпиясына қанығасыз. Фотоархив айдарында XX ғасырдың басындағы Самарқандағы сарт мектебінің суреттерімен таныс боласыз.

Желтоқсан оқиғасы туралы Батыс баспасөзі не жазды?

1986 жылы Алматыда Ереуілге шыққандар/Wikimedia commons
1986 жылы Алматыда Ереуілге шыққандар/Wikimedia commons

1986 жылдың желтоқсанында, Алматы көшелерінде қайғылы оқиғалар өршіп тұрған кезде, кеңестік баспасөз бұл туралы жақ ашпауды жөн көріп, республикадағы «бейбіт өмір» мен «еңбек жеңістері» жайлы ақпарат таратуын тоқтатпады. Бірақ кейінірек оқиғаны жасыру мүмкін емесін біліп, наразы жастарды қаралау науқанын бастады. Оларды «тәртіп бұзушылар», «қоғамға қарсы элементтер» деп атап, заңсыз әрекеттер істеді деген жалған айып тақты.

Ал Батыс басылымдары бұл оқиғаларды түрлі бағытта сипаттады: бірқатары Мәскеудің ресми мәлімдемелерін сол күйі жарияласа, енді бірі шындықты ашық айтып, көтерілістің себебі мен ауқымын түсінуге тырысты. Qalam редакциясы 1986 жылы Алматыда болған бұл тарихи оқиғаны Батыс баспасөзі қалай жазғанын және қазақ жастарының қатыгез кеңестік жүйеге қарсы қантөгіске ұласқан күресі туралы шындықты әлемнің қалай білгенін баяндайды.

Кореяның тұрмыстық ырымдары

Оңтүстік Кореядағы Жаңа жылды тойлау/Photo by Chung Sung-Jun/Getty Images
Оңтүстік Кореядағы Жаңа жылды тойлау/Photo by Chung Sung-Jun/Getty Images

Жалпы алғанда, Оңтүстік Кореяны діндар, тақуа жандардың елі деп атауға келмейді. Корейлердің көбі түрлі дінде кездесетін салт-ғұрыпқа да, өз отбасындағы және ата-бабасынан жеткен дәстүрге де жылы қарайды, құрметтейді. Бірақ қоғам өмірінде дін айтарлықтай маңызды рөл ойнамайды. Бұл — әсіресе жастар арасында анық байқалады.

Алайда жоғарыда айтылған сөз корейлер мистикаға, тылсым күштерге және тұрмыста кездесетін түрлі жайтты түсіндіруге болатын құпияға сенбейді дегенді білдірмесе керек. Керісінше, бұл мәселеге келгенде корейлердің арасында қандай да бір құбылысқа күмән-күдікпен қарайтын адам аз. Елде ырым-тыйымға өте қатты мән береді. Толығырақ білгіңіз келсе, осы сілтемеге өтіңіз.

Ежелгі граффити құпиясы

Арқарлыдағы граффити көрінісі. Тек кейінгі петроглифтер көзге түседі/Ольга Гумирова
Арқарлыдағы граффити көрінісі. Тек кейінгі петроглифтер көзге түседі/Ольга Гумирова

Жетісудың Арқарлы тауындағы осы тас тақтада орта ғасырлар мен жаңа заманның көзге оғаш көрінетін ешкілерінен басқа ештеңе бейнеленбеген деп ойласаңыз, бұл жерден бейқам өтіп кетуіңіз ғажап емес. Тек өте қырағы, көреген жан ғана қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің петроглифтері жоғарыдан төменге дейін бедерленген тақтадағы таңғаларлық көріністі байқары анық. Олардың ерекшелігі — бұл суреттер тек таңертең ерте немесе күн батар шақта, яғни күн сәулесі көлбеу түскенде ғана көрінеді.

Мына мақаладан петроглифті тамашалап, толық мәтінді оқи аласыз. 

Самарқандағы сарт мектебі

С. М. Прокудин-Горский (1863–1944). Сарт мектебі. Самарқан, 1905–1915 / Library of Congress
С. М. Прокудин-Горский (1863–1944). Сарт мектебі. Самарқан, 1905–1915 / Library of Congress

19-ғасырдың соңында Ресей империясы сарттарға тән ортақ сипатты тіл және оны формалды түрде енгізу арқылы қалыптастыру әрекетін жасады: сарт мектептері ашылды, кітаптар мен газеттер жарық көрді. Алайда патша саясаты қанша тырысқанымен, сарттардың этникалық және лингвистикалық әркелкілігі бұл жобаны сәтсіздікке ұшыратты. Кеңестік кезеңдегі «ұлттық межелеу» барысында «сарттардың» — белгілі бір ұлт не этнографиялық топ емес, тұрмыс салты ұқсас қауым ғана екені анық белгілі болды. 

XX ғасырдың басындағы Самарқандағы сарт мектебінің көне суреттерін Qalam порталынан қарай аласыз.