Жаңалықтар

Авиаотын жеткізетін бірыңғай оператордың құрылуы билет құнын арзандата ма?

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Көлік министрі Марат Қарабаев авиотын тапшылығы мәселесін шешу үшін Қазақстандағы әуежайларға әуе отынын жеткізетін бірыңғай оператор құруды ұсынды. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде әуежайлар көрші елдерден жанармай сатып алуға мәжбүр.

Әуе компаниялары делдалдарға жем болып отыр

Қарабаев әуе отынын сатып алатын операторды «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС базасында құруды үсынады. Бірыңғай оператор құрылса, отандық әуе компаниялары әуе отынын сататын делдалдардан құтылады.

«Ол тиімді емес делдалдарды жою, жеткізілімдерді тұрақтандыру және ірі көлемде авиаотын сатып алу арқылы транзиттік ұшақтарға Қазақстан аумағы арқылы ұшу үшін қолжетімді баға ұсынуға мүмкіндік береді», – дейді министр.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – «ҚазМұнайГаздың» еншілес команиясы. Ол 2014 жылы Үкімет қаулысымен құрылған. Ол Қарулы күштерге, ҰҚК Шекара комитетіне, Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға бензин, дизель отынын, мазут, авиаотын жеткізумен айналысады.

Десе де, министрдің айтуынша, отандық әуе компаниялары қазақстандық әуе отынды пайдаланады.

Әуе отын ташылығын сезінген Қазақстан өзі сапалы отын шығара ала ма?

Қазақстан экологиялық таза авиаотын шығаруға мүдделі. 2024 жыл басында «ҚазМұнай сынақтан өткізіп жатқанын хабарлаған. Ал қараша айында көлік вице-министрі Талғат Ластаев «ҚазМұнайГаз» Jet A-1 халықаралық санатындағы SAF экологиялық таза авиациялық отынды өндіруді бастағанын мәлімдеді.

Өйткені 2028 жылдан Қазақстаннан Еуропаға қатынайтын әуе компанияларына экологиялық таза авиаотын пайдалану міндеттеледі.

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — Jet-1 маркалы отынның экологиялық таза нұсқасы саналатын авиациялық отын. Ол дәстүрлі авиакеросинге балама ретінде өндірілген тұрақты жанармай. Оның дәстүрлі авиакеросиннен айырмашылығы, SAF көміртегі шығарындыларын 80%-ға азайтуға септігін тигізеді.