Жаңалықтар

Аяз, тұман, көктайғақ. Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? / Фото: shutterstock

Қазақстанда желтоқсан айының 23-25 күндерінде ауа райы күрт өзгеріп, түрлі табиғи құбылыстар байқалады. «Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, кей аймақтарда көктайғақ болады.

Астана

Астанада күн суытып, қарлы, боранды болады.

  • 23 желтоқсан: аздап қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен. Температура түнде -8…-10°С, күндіз -5…-7°С.
  • 24 желтоқсан: Жауын-шашынсыз, тұман болады. Түнде -15…-17°С, күндіз -12…-14°С.
  • 25 желтоқсан: Түнде -18…-20°С, күндіз -10…-12°С.

Алматы

Алматыда тұманды және салқын ауа райы сақталады. 23-25 желтоқсан: Жауын-шашынсыз. Түнде -10…-12°С, күндіз -2…-4°С.

Шымкент

Шымкентте aуа райы жылы, бірақ тұманды болады. 23-25 желтоқсан: Түнде -8…-10°С, күндіз +3…+5°С.

Батыс Қазақстан өңірлерінде жаңбыр мен аралас қар жауады, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Температура түнде -2…+2°С, күндіз +3…+6°С.

Солтүстік өңірлерде қалың қар жауып, аяз күшейеді. Жел 15-20 м/с. Түнде -10…-12°С, күндіз -7…-9°С.

Шығыста қар жауып, боран соғады .Жел 12-17 м/с. Түнде -15…-18°С, күндіз -10…-12°С.

Оңтүстікте жылы aуа райы сақталады, бірақ тұман басым болады. 23-25 желтоқсан: Түнде -5…-8°С, күндіз +3…+5°С.

Қазақстанның барлық өңірінде алдағы күндері aуа райы бұзылады. Солтүстік пен шығыста аяз күшейіп, боран болуы мүмкін. Батыс аймақта көктайғақ болса, оңтүстік өңірлерде жылырақ және тұманды ауа райы сақталады. Көлік жүргізушілері мен тұрғындарға жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға кеңес беріледі.

Еске сала кетейік, дауылда жолға шыққан жүргізушілер 15 тәулікке қамалуы мүмкін.