Yntymaq партиясы Президент Тоқаевқа үндей жасап, партиялар туралы заңды реформалауды сұрады.
ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Тілегін Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың тапсырмасы бойынша саясаткер Мейрам Қажыкен жеткізіп отыр.
«Қазақстан Республикасының бір топ азаматы 2022 жылы сәуір айында Yntymaq партиясының құрылатыны туралы жария етті. Өзіңізге белгілі, партияның ұйымдастыру комитеті заңды түрде құрылтай съезін өткізді. Құжаттарын екі мәрте тіркеуге берді. Алайда, екеуінде де партияны тіркеуден бас тартты», – делінген үндеуде.
Мейрам Қажыкеннің айтуынша, бас тартуға негіз көңілге қонымды емес және орынсыз. Партияның ұйымдастыру комитеті Yntymaq партиясын құру жұмысын сонда да жалғастырып жатыр.
«Біздің бастамамызды 6 мыңнан аса Қазақстан азаматы қолдап отыр. Сондықтан заң аясында мақсатымызға қарай қадам жасай береміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз бастамамызға ерекше қатынасты талап етіп тұрған жоқпыз. Ерте ме, кеш пе, бәрібір партия тіркеледі. Саяси партиялар туралы заңнаманы реформаларды жалғастыруыңызды сұраймыз», – делінген Yntymaq партиясының Президент Тоқаевқа үндеуінде.
Yntymaq партиясы бастамашыл топ құру, құрылтай съезін өткізу тәртібі, құжаттардың мазмұнын нақты көрсетуді сұрайды. Мұның ішінде партия мүшелері туралы тізімде де бар.
«Дәл осы тармақтар бойынша әділет министрлігі соңғы шешім шығару құқығын өзінде қалдырып, заңды еркін түсіндіреді», – дейді партия өкілдері.
Олар конституциялық құқықтары үшін күресетіндерін айтып отыр.
«Біздің біліміміз, кәсіби біліктілігіміз және азаматтық күш-жігеріміз қоғамға және мемлекеттке қажет екеніне сенеміз», – дейді Yntymaq партиясын құрушылар.
Мамыр айында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова саяси партия құрғысы келетіндерден үш өтініш келіп түскенін, тек осы Yntymaq партиясы қолдау тапқанын, екі саяси партияны тіркеуден бас тартылғаны туралы мәлімдеген еді.