Банк ЦентрКредит артықшылығы бар акциялары үшін 12,4 млн теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Банк ЦентКредит артықшылығы бар акциялары үшін 2023 жылға дивиденд төлемек. Биыл сәуір айында қаржы ұйымы жай акциялары бойынша дивиденд төлемейтінін хабарлаған.

Акционерлердің кезекті шешімі бойынша, «жай акцияға айырбасталатын артықшылығы бар акцияға» 42 теңге есептеледі. Дивиденд төлеу 30 желтоқсаннан басталады.

Қор биржасының мәліме бойынша, банктің CCBNp тикерімен 295 414 дана артықшылығы бар акциясы айналымда жүр. Әр акцияға 42 теңгеден есептегенде 12,4 млн теңге дивиденд төленбек. 2022 жыл үшін де артықшылығы бар акцилары үшін 12,3 млн теңге аударылған.

Былтыр банктің таза пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге қысқарып, 135 млрд теңгені құраған болатын. Сол кезда қаржы ұйымының былтырғы пайдасы банктің өзінде қалатын болған.

Банк ЦентрКредит Альфа-банкті сатып алғаннан кейін, активтер көлемі бойынша екінші деңгейлі банктер тізімінде үшінші орынға көтерілді. 2023 жылдың соңында банктің бір акциясы 997 теңгеге саудаланған. Ал 2024 жылы қаржы ұйымының бағалы қағазы 2 есе қымбаттап, қазір қор биржасында 2171 теңгеден саудаланып жатыр.

Қаржы ұйымының артықшылығы бар акцияларыныі негізі иесі – Бақытжан Байсейітов. Ол қаржы ұйымының 40,11% акциясына иелік етеді. Негізгі акционерлер қатарында 9,23% акцияны иеленетін Владислав ЛИ бар.

Сондай-ақ оқыңыз