Қазақстанда колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе артады. Бұл туралы Үкіметтің мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіковтың депутаттық сауалына берген жауабында жазылған.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы кадрларды даярлау сапасын арттыруды ынталандыру, колледждердің халықаралық салалық кәсіптік қоғамдастықтардың талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімінен өту, шетелдік ұйымдармен стратегиялық ынтымақтастық мәселелерімен айналысады.
Техникалық және арнайы білім беру жүйесін қаржыландырудың сараланған әдістері әзірленді.
«Нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жан басына шаққандағы қаржыландыруды екі есеге ұлғайту бойынша өзгерістер енгізілді (2024-2025 оқу жылында орта есеппен 437 мың теңгеден 2025-2026 оқу жылында 913 мың теңгеге дейін өсіру). Сондай-ақ жан басына шаққандағы нормативтің артуы жеке және мемлекеттік колледждер оқытушыларының жалақысын салыстыруға мүмкіндік береді», – делінген жауапта.
Осы мақсаттар үшін шамамен 149,9 млрд теңге бөлу 2024 жылғы 9 желтоқсандағы бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапқан.
Бұған дейін Қазақстанның кейбір колледждерінде бір студентке жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін 1,3 млн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған.