2024 жылы Telegram кірісі 1 млрд доллардан асып, мессенджер монетизация басталған 3 жылда алғаш рет табысқа кенелді. Бұл туралы платформаның негізін қалаушы Павел Дуров жазды.
Оның жазуынша, Telegram Premium жазылушыларының саны 2024 жылы үш есе өсіп, 12 миллионнан асқан. Мессенджердің жарнамадан түскен табысы да бірнеше есе өскен.
«Үш жылдық монетизация тарихында алғаш рет Telegram пайдаға кенелді. Нәтижесінде компанияның жалпы кірісі 2024 жылы 1 млрд доллардан асты. Жылды криптоактивтерді есептемегенде, 500 млн доллардан астам ақшалай резервпен аяқтаймыз», – деп жазды Дуров.
2023 жылы Telegram салықтан кейін шамамен 173 млн доллар шығынға ұшырап, кіріс 342 миллион долларды құраған. Наурызда Дуров Telegram-ды IPO-ға шығаруға жоспарлап отырғанын айтқан. Инвесторлар платформаны 30 млрд долларға бағалаған.
Соңғы төрт жылда Telegram шамамен 2 млрд доллар борыштық міндеметтесі болған. Бұл соманың едәуір бөлігі 2024 жылдың күзінде өтелген. 2021 жылы 1 млрд доллар облигациялар орналастырған. 2023 плафторманың кемінде 64 млн облигацияларын Дуровтың өзі сатып алған.