Жаңалықтар

Түркияда оқ-дәрі шығаратын зауыт жарылып, 12 адам қайтыс болды

Түркияда оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды
Түркияда оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Түркияда Кавакли ауылында оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша 12 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алған. Бұл туралы CNN Тurk басылымы жазды.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, жарылыс зауыттың өндірістік бөлігінде болған. Себебі әлі белгісіз. Үйінділердің астында қанша адам қалғаны әлі белгісіз.

Кавакли ауылы орналасқан Балыкесир провинциясының губернаторы Исмаил Устаоглуның айтуынша, жарылыс кезінде зауытта диверсия болмаған.

Устаоглу жария еткен ақпаратқа сәйкес, Кареси аймағында жарылғыш заттар өндірілген зауытта болған оқиға кезінде 12 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Зауытқа жақын ауыл тұрғындары жарылыстың өте күшті болғанын және сілкініс болғанын айтты. 

«Балыкесирдің Кареси аймағындағы оқ-дәрі зауытындағы жарылыс салдарынан 12 бауырымыздың қайтыс болуы туралы ақпарды ауыр қабылдадым. Барлық тиісті мекемелерден, әсіресе, губернатордан алып отырмыз. Тергеуді дереу бастауды тапсырдық. Қайтыс болған бауырларыма Құдайдың рақымын тілеп, олардың отбасыларына көңіл айтамын және жаралы азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Балыкесирге және тұтас ұлтымызға көңіл айтамын», – деді ол.

Жарылыс болған жер мың гектар аумаққа салынған 10 нысанның 1-і еді. Алдын ала ақпарат бойынша зауыттың жарылыс болған бөлігінде химиялық инженерия құрылғылары орналасқан. 

CNN Тurk басылымына пікір білдірген азаматтардың бірі жарылыстың себебі электр қуаты немесе найзағай болуы мүмкін екенін айтқан.