Қостанайда ERG-ге қарасты мекемеде бір жұмысшы қаза болды

Жарияланды
30 қазанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында апат салдарынан екі қызметкер опат болған еді./фото: KursivMedia мұрағаты

Қостанайда ERG-ге қарасты қарасты мекемеде бір жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Соколов-Сарыбай тау кен байыту өндірістік бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Вагон төңкергішті жөндеу кезінде слесарь-жұмысшы өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды», – делінген хабарламада.

Қостанайда ERG-ге қарасты қарасты Соколов-Сарыбай тау кен байыту өндірістік бірлестігі ERG тобына кіреді. Темір кенін өндіріп, өңдеумен айналысады.

Мұның алдында, 30 қазанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында апат салдарынан екі қызметкер опат болған еді. «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы қаза болған жұмысшылардың отбасына көмек беретінін айтқан. Бұл компания да ERG-ге қарайды.

Бұл оқиғадан кейін хром, марганец, ферроқорытпалар өндіретін «Қазхромды» еңбек инспекциясы арнайы комиссия жасақтайтыны жазылды.

ERG иелері – «еуразиялық үштік». Акцияларының 40%-ы – Қазақстанның Қаржы министрлігіне, 20,7%-ы – Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасына, 18,6%-ы Патох Шодиевке тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз