Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген сауда үйінің орнына бизнес-парк ашылады

Жарияланды (жаңартылды )
фото: tengrinews.kz

Алматы қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде қираған нысан орнына мультифункционалды бизнес-парк ашылады. 2022 жылы «Променад» сауда үйі тоналған.

Promenade ЖШС қала құрылысын жоспарлау және урбанистика басқармасына бұл жерді қалай түлететіні туралы ақпарат берген. Орталықта коворкинг ашылады. Алты мәжіліс залы, екі зал және 46 кеңсе жабдықталады деп жазды Tengrinews.kz.

Сауда үйі Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінде тұр. Қаңтар оқиғасы кезінде ғимарат іші өртенді. Оның үстіне бейсауат жүргендер тонаған.

Қаладағы бүлік кезінде 335-тен астам ғимарат қираған. Оның 10-ы мемлекеттік мекемелер деп есептелінеді.

Сондай-ақ оқыңыз