Бірыңғай уақыт белдеуінің халықтың денсаулығына әсерін зерттеуге бөлінетін қаржы екі есе қысқарды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Уақыт белдеуінің әсері жайлы үш жылдық зерттеуге 54 млн теңге көлемінде қаржы қажет болады / Коллаж: kursiv.media архиві

Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеуге кететін шығын екі есеге қысқарды. Осыған дейін үш жылдық зерттеуге 160 млн теңге жұмсалуы мүмкін деген Ғылым және жоғары білім министрлігі ол сомманы 54 миллион теңгеге дейін қысқартып тастады. Бұл мәлімет министрліктің конкурстық құжаттамасында көрсетілген.

 «Бағдарламаның жалпы сомасы 2025 жылға – 54 млн теңге», – делінген құжатта.

Құжатта уақыт белдеуінің ауысу тиімділігі туралы ғылыми негізделген қорытынды жасалғаны туралы айтылған. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері бойынша халықтың  психикалық және физикалық денсаулығына әсері туралы ғылыми негізделген тұжырымдар ұсынуылуы тиіс.

«Бұл аймақтық ерекшеліктерді анықтап, теріс салдардың алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді»,- делінген құжатта.

Бұдан бөлек, осы мәселе  бойынша мемлекеттік орагандарға нақты ұысыныстар әзірлеу талап етілген.

Еске салсақ, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына қалай  әсер ететінін зерттелетінін айтқан еді. Оған бюджеттің 160 млн теңге қаржысы жұмсалуы мүмкін деп те болжаған болатын. Тіпті бұл ақшадан да аз кетуі мүмкін екенін, шамамен 90-100 миллион төңірегінде болады деп пайымдаған еді.

Еске сала кетсек, 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Үкіметтің бұл шешіміне қарсылық білдірген қазақстандықтар көп ұзамай петиция жариялады. Бұл петицияға 60 мыңнан астам адам қол қойып, Үкімет қарауына өтті. Алайда Сауда және интеграция министрлігі халық қалауын орындаудан бас тартты. Ведомство UTC+5 уақыт белдеуін Қазақстан үшін ең тиімді деп санайды.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бір сағат кері қайтарылған уақытты қалпына келтіру мәселесін тек 3 жыл өткен соң ғана қаралатынын айтты

Ал, мәжіліс депутаттары уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді үш ай ішінде жүргізіп, 2025 жылдың наурызынан дейін аяқтауды талап етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз