Жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған Қаржаубай Нұрымов Қонаев қаласының тергеу изоляторынан бостандыққа шықты. Бұл туралы KursivMedia тілшісіне құқық қорғаушы Айтбек Амангелді хабарлады.

«Қаржаубай босатылды. Оны біздің команданың адвокаты Асылбек Әбдірайымов алып кетті. Қазір Қаржау отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша хабарлаймыз», – деді Айтбек Амангелді.

Шерзат Полаттың әкесі 10 желтоқсанда інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзды, бұзақылық жасады және бөтеннің мүлкіне зақым келтірді деген айыппен ұсталып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған.

Сол уақытта Қаржаубайдың туысы болып келетін Бақыт Реймова халықты митингіге шақырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, Қазақстан азаматы болмағандықтан елден депортацияланатын болған. Оның жалғыз ұлы Мейірбек Реймов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, анасын елден қумауды сұраған.