2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір ескі модельдегі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді. Бұл туралы Gsmarena басылымы жазады.
Басылым ақпаратына сүйенсек, Meta ескі Android телефондарында WhatsApp мессенджерінің жұмыс тоқтатады.
Өзгеріс Android KitKat жүйесінде жұмыс істейтін құрылғыларға қатысты. Ол шыққанына 10 жылдан асқан телефондарға әсер етеді.
Операциялық жүйенің ескі нұсқасында жұмыс істейтін телефондар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап WhatsApp-қа кіре алмайды.
Компания өзгерістің себебін WhatsApp мүмкіндіктерінің кеңеюімен түсіндірді. Ал ескі операциялық жүйедегі смартфондар бұл өзгерістерді қондыра алмайды.
Компания мессенджер жұмысын тоқтататын смартфондардың модельдерін атаған:
- Samsung: Galaxy S3, Galaxy Note 2, Galaxy Ace 3, Galaxy S4 Mini;
- Motorola: Moto G (1-ші буын), Razr HD, Moto E 2014 ж;
- HTC: One X, One X+, Desire 500, Desire 601;
- LG: Optimus G, Nexus 4, G2 Mini, L90;
- Sony: Xperia Z, Xperia SP, Xperia T, Xperia V.
WhatsApp мессенджері – америкалық Meta корпорациясының құрамына кіреді. Компания иелігінде, бұдан бөлек, Instagram және Facebook әлеуметтік желілері де бар.
Компанияның акциялары 2012 жылдан бастап NASDAQ биржасында тіркелген. Институционалдық инвесторлар 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 72% акцияға ие болды, олардың қатарында: The Vanguard Group (8,1%), BlackRock (6,8%), FMR Co., Inc. (5,2 %), Capital Group Companies (4,9 %), State Street Global Advisors (4,0 %), T. Rowe Price Associates, Inc. (2,1 %), Geode Capital Management (2,0 %), Morgan Stanley (1,4 %), Northern Trust (1,1 %) бар. 2021 жылдың соңында Марк Цукерберг компанияның 13,6% акцияларына иелік етті.