Оқушыны интимдік қызметке мәжбүрлеген қылмыскер моральдық өтемақы төлейді

Жарияланды (жаңартылды )
Зорлық-зомбылық
Оқушыны интимдік қызметке мәжбүрлеген қылмыскер моральдық өтемақы төлейді/ Фото: shutterstock

Қызылорда қаласында мектеп оқушысын жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген айып тағылған тағы бір адам сотталды. Оған Қылмыстық Кодекстің 309-бабы 2-бөлігі 2 және 3-тармақтары бойынша іс қозғалған.

«Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан», – деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.

Прокурор 5 млн теңге моральдық өтемақы төлетуді және төрт жыл түрмеде жазасын кесуді ұсынды. Талап арыз берген тарап күдіктінің кәмелетке толмаған баласы бар екенін, соған сәйкес жазаны жеңілдетуді сұрады.

Қалалық №2 сот ҚК-ның 309-бабы бойынша төрт жылға сотталушының бас бостандығын айыруға үкім шығарды. Оған қоса моральдық зиянды өтемақыны ішінара өндіруді де міндеттеді.

Қызылорда оқушы қызды интимдік қызметке тартқан топты сотқа тарту процесі жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз