Түркияда Босфор бұғазы жабылып, Қазақстанның мұнай танкерлері ары қарай өте алмай жолда тұр. Бұл туралы елдің көлік министріне сілтеме жасаған түркиялық басылымдар жазады.
Босфор бұғазы – Новосібірдегі Каспий мұнай құбыры консорциумының Теңіз терминалынан қазақстандық мұнай тиелген танкерлерін ары қарай мұхитқа шығаратын жалғыз жол. Бұл бағыт арқылы қазақстандық мұнайдың 80%-ы экспортталады
Оның жабылуына бұғаздағы Енисей мүйісі аймағында 26 Cordelia Moon деген танкердің бұзылуы себеп болған. Танкердің ұзындығы – 274 м. Ол түркиялық Ялов портынан ресейлік Новосібірге бара жатқан. Әзірге танкерді жөндеуге қанша уақыт кететіні белгісіз. Түркиялық БАҚ-тың жазуынша, қазір танкерді тасымалдау үшін буксирлер жіберілді.
Каспий құбыр консорциумы Новосібір маңындағы теңіз терминалынан экспортқа мұнай жібереді. 2024 жылдың 9 айында шамамен 30 миллион тонна мұнай жіберген. Бұл 2023 жылдағы 9 аймен салыстырғанда 800 мың тонна көп.