Жаңалықтар

Жұмыстан шықсаңыз ғана денсаулыққа келген зиян үшін өтемақы ала аласыз

Денсаулыққа зиян жердегі жұмыс үшін арнайы әлеуметтік төлем беріледі/Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда зиянды жерде жұмыс істеген 13 мыңнан аса азаматқа арнайы жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

 «2024 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша 13423 азаматқа арнайы әлеуметтік төлем (АӘТ)  бекітілген. Ол ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге арналған. Барлығы 14 195 адам өтініш берген» – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Ведомство мәліметінше, арнайы әлеуметтік төлем ең көп төлеген аймақ – Қарағанды облысы, 2472 адамға берілді. Қостанай облысында 1515 адамға, Шығыс Қазақстан облысында 1491 адамға төленген.

Ұзақ уақыт бойы денсаулыққа зиянды жерде жұмыс істегендерге берілетін төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Төлем алу үшін қойылатын негізгі шарт – жасы 55-ке жеткен және БЖЗҚ-дан кемінде 7 жыл зейнетақы жарналары төленуі керек.  Арнайы әлеуметтік төлем зейнетке шыққанға дейін төленеді. Бірақ алдымен жұмыс істеу зиян деген қызмет орнынан кету керек. Қызметкерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, сол кезде жалақымен қоса әлеуметтік төлем де беріледі.

БЖЗҚ мәліметінше, 2024 жылы 37 мыңнан аса қызметкердің арнайы төлем алу үшін өтініш беруге мүмкіндігі болған. Әлеуметтік төлем көлемі – 208 мың теңге. Бірақ қызметкерге төленетін қаржы оның БЖЗҚ-дағы жинағына байланысты болады.

Осы арқылы арнайы төлем экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптерде істейтін қазақстандықтарға арналған.