Жаңалықтар

Қазақстан қарулы күштері испандық ұшақ және түрік бронемашинасымен толықты

Cobra II, Бук М2э, Тор M2k: Қарулы күштер техникамен толықты
Қарулы күштер техникамен толықты / Фото: Қорғаныс министрлігі

2024 жылы Қазақстан қарулы күштері әскери базасы испандық әскери ұшақ және түрік бронемашиналарымен толықты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

«2024 жылы Қазақстан қарулы күштерінің әскери базасы 100-ден астам техника және ұшақтармен толықты», – делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік алған қару-жарақ қатарында әуе қорғанысы үшін «Бук М2э», «Тор M2k» зениттік зымыран кешендері, «Роса РБ», «Платформа» және «Нұр» радиолокациялы станциялары бар.

Фото: Қорғаныс министрлігі

52 «Арлан» сауытты көлігі мен түріктің Otocar компаниясы шығаратын «Cobra II» бронимашинасы, Испанияда шығарылатын «A400M» әскери ұшағы мен Ақтау портына арналған «Шапшаң» десанттық қайығы бар.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұдан бөлек, министрлік 85 қару-жарақ, құрлықтағы және авиациялық әскери техниканы, оның ішінде 8 әскери тікұшақ пен 5 радиолокациялық станцияны күрделі жөндеуден өткізген.

Фото: Қорғаныс министрлігі