Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасынан туннель қазып, сол арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қылмыстық топ Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында туннель қазып, Түркістан облысынан заңсыз мұнай тасымалдаған. Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасы хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, қылмыстық топ шекарада ұзындығы 450 метр болатын туннель қазады. Туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна мұнай өнімдерін контрабанда түрінде тасымалдайды. Бұл тасымал екі ай бойы жүргізілген.

«Арнайы іс-шара арқасында қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды. Шекараның Өзбекстан жағында да қылмыстық топ мүшелері ұсталды», – делінген хабарламада.

Фото: Түркістан прокуратурасы

Құқық қорғау органдары экспортталған отын үшін көрші мемлекеттен ақша аударылғанын анықтаған. Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Контрабанда тасымалдауға арналған туннель толыққанды екі жақтан да жабылған.

2024 жылдың шілдесінде қазақ-өзбек шекарасында контрабандалық дәрі-дәрмек тасымалдауға арналған 310 метрлік туннель табылып, қылмыстық топ ұсталған

Сондай-ақ оқыңыз