Ресейдің «Оборонлогистика» ведомствосы Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған «Урса Мажор» жүк кемесіндегі жарылыс туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы ресейлік РБК басылымы жазған.
Жарылыстан кейін кемеде дабыл жарияланып, сыртқы тексеру кезінде олар теңіз деңгейінен 15-30 см тесік тапқан. Экипаждың екі мүшесі іс-түссіз жоғалып, 14 адам құтқарылды.
Ресейлік «Урса Мажор» кемесінің оң жағындағы үш жарылыстан кейін, 50 сантиметр тесік табылған. Тесік кемені сыртқы апаттық тексеру кезінде табылып, кемеде дабыл қағылған. Ол су деңгейінен 15-30 сантиметр биіктікте болған күннің өзінде су кемеге көтеріліп, жарылыс болған.
«Тесік біртіндеп үлкейіп, темір кеменің ішіне қарай кіре бастаған. Мұны кеме палубасындағы көп сынықтардан көруге болады», – делінген компанияда.
Ресейлік «Урса Мажор» жүк кемесі 24 желтоқсанда суға батып кеткен. Кеме Петербордан Владивастокқа кетіп бара жатып, Жерорта теңізіндегі Испания мен Алжир арасындағы аймақта апатқа ұшыраған. Бортта 16 экипаж мүшесі болған. 14 адамды Испания құтқарушылар аман алып қалған, 2 адам іс-түссіз жоғалып кеткен.
«Урса Мажор» – Қорғаныс министрлігінің әскери-құрылыс кешенінің құрылымында жұмыс істейтін «СК-ЮГ» компаниясына тиесілі. Бұл «Оборонлогистика» ведомствосының еншілес компаниясы. Кеме салмағы 1200 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға арналған.