2025 жылдан бастап әуе рейстерінің бағасы арзандайды
2025 жылдан бастап бастап әуе рейстерінің бағасы арзандайды. Келер жылдан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді жүзеге асырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстандықтар мен ел қонақтары үшін 7 бағытта арнайы тарифтер белгіленді. Бұл қадам аймақаралық әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған», – делінген хабарламада.
Әуе компанияның мәліметінше, субсидияланған тарифтер келесі бағыттар бойынша орындалады:
- Астана – Павлодар – Астана (аптасына 4 рет): 15 000 теңге;
- Астана – Петропавл – Астана (күн сайын): 15 000 теңге;
- Түркістан – Қостанай – Түркістан (аптасына 2 рет): 31 000 теңге;
- Түркістан – Қарағанды – Түркістан (аптасына 2 рет): 20 000 теңге;
- Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған (аптасына 4 рет): 10 000 теңге;
- Жезқазған – Шымкент – Жезқазған (аптасына 3 рет): 18 000 теңге;
- Алматы – Көкшетау – Алматы (аптасына 3 рет): 33 000 теңге.
Артықшылықтары: 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ, ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ешқандай қосымша ақы алынбайды.
Билеттерді QAZAQ AIR әуекомпаниясының ресми сайты flyqazaq.com арқылы немесе сату кеңселерінен сатып алуға болады.