Жаңалықтар

Ақтауда құлаған Embraer ұшағының өндірушілері Қазақстанға келіп, апат себебін тексереді

Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға шетелден мамандар келеді / Фото: Ашық дереккөз

Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға шетелден Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері келеді. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Ақтауда болған ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанда мынадай ұйымдардың мамандары:

  • Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) өкілдері;
  • ұшақ өндіруші Embraer копаниясының өкілдері;
  • CENIPA – Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының мамандары келеді.

Ал Қазақстанда Көлік министрлігі жанынан Авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құрылған. «Азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы әуе кемелерінің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларына» сәйкес құрылған бұл комиссия шетелден келген мамандармен бірлесіп, тексеру жүргізеді.

Бұдан бөлек Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмысын бастап кеткен. Үкіметтік комиссиясының құрамында – Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Көліктегі авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, ҚР Көліктегі авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, ҚР Көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитеті Салтанат Томпиева, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов бар.

Айта кетейік, кеше 25 желтоқсанда Ақтауда құлаған мемлекеттік нөмірі 4K-AZ65 AZAL Airlines Embraer 190 ұшағы 2013 жылы шығарылған. AZAL әуе компаниясының мәліметінше, өндірушінің сериялық нөмірі: 19000630. Әуе кемесі 9949 рет қонып, жалпы 15257,22 сағат ұшқан. Ұшақ соңғы рет толық техникалық байқаудан 2024 жылдың 18 қазанында өткен. Соңғы тексеруден бері ұшақ 671 сағат ұшқан. Ал әуе кемесін басқарған капитан Игорь Кшнякин 15 000 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар. Оның 11 200 сағатын әуе ұшағының капитаны шенінде басқарған.