Маргарита Симонян Ресей Қазақстанға тағы да әскер жіберсе қуанатынын айтты
Маргарита Симонян «Эхо» радиостансасында «Ресей Қазақстанға тағы да әскер жіберсе қуана қабылдайтынын» айтты.
«Украина да, Сирияда да, егер біреулермен есеп айырысу үшін тағы да шақырса, Қазақстандағы қандай да бір бармалейлермен (соғысуға) мүмкіндік берілсе, мен бақытты болар едім. Өкінішке қарай, бұл бізде жоқ», – деді Симонян.
Маргарита Симонян және отбасының Қазақстанға қатысты мұндай агрессиялық пікір білдіруі бұл бір емес. Оның күйеуі Тигран Кеосаян қазақстандықтарға «Украинаға бір қарап қоюға» кеңес берген еді.
Ол – Ресейдің басты үгіт-насихатшысыларының бірі. АҚШ Украинаға қарсы соғысты қолдағаны, үгіт-насихат жүргізгені және АҚШ-тағы сайлауға араласқаны үшін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сакция салды. Оның ішінде RT бас редакторы Маргарита Симоньян және оның орынбасарлары да бар.
«Құжатта осы ақпарат құралдары арқылы Ресей бүкіл әлемде, соның ішінде Молдовадағы ахуалға ықпал етуге, Украинадағы жағдайды ушықтыруға күш салып жатыр», делінген АҚШ-тың қаржы министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, Симонян мен оның серіктестері Ресейдің мүддесін алға тартатын бейнероликтерге 10 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсаған.
Айта кететін жайт, Еуроодақ, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдер Маргарита Симоньянды санкциялық тізіміне енгізген еді.