Euronews: Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей зымыраны себеп болған – алдын ала тергеу растады

Жарияланды
Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз бейсенбі күні Euronews-ге «жер-ауа» санатындағы ресейлік зымыранның ұшаққа зақым келтіргенін растаған. /фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, Грозный қаласы үстінде ұшқан реселік зымыран Ақтаудағы апаттың себебі болған./фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, Грозный қаласы үстінде ұшқан реселік зымыран Ақтаудағы апаттың себебі болған. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Атап салдарынан 38 жолаушы қаза болды. Ақтау әуежайы маңында «Әзербайжан әуе жолдарына» қарасты 8432 рейстің ұшағы апатты жағдайда қонуға ұмтылып, жерге құлаған еді.

Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз бейсенбі күні Euronews-ге «жер-ауа» санатындағы ресейлік зымыранның ұшаққа зақым келтіргенін растаған.

Ұшақ Грозный қаласының үстінде ұшақсыз ұшатын аппараттардың әрекеті кезінде әзербайжандық ұшаққа зымыран ұшырылған. Ұшақтың маңында жарылып, жарықшақтары жолаушылар мен бортсеріктерге тиген.

Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздің айтуынша, ұшқыштардың өтініш жасағанына қарамастан, зақым келген ұшақтың әуежайға қонуына рұқсат бермеген. Оларға Каспий арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына ұшуға бұйрық берілген.

Теңіз үстінде ұшақ ұшқан кезде навигациялық жүйе өшірілген.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады және жоққа да шығармады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша себептер анықталады», – деп жауап берді көлік прокуратурасы.

Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев ұшаққа оқ тиюі мүмкін деген нұсқаға түсініктеме беруден бас тартқан еді. Өйткені халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабы осындай. Тексеру шықпайынша, қандай да бір ақпарат беруге болмайды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  ұшақ апатының себебіне Қазақстан, Әзірбайжан, тіпті Ресейде жасырып қалуға мүдделі емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз