Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Каспий құбыр консорциумының арасында ши шықты ма?

Жарияланды
Алмасадам Сатқалеив КҚК
КҚК Алмасадам Сәтқалиев айтқанымен келіспейді/Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий құбыры консорциумы (КҚК) энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзін жоққа шығарды.

Каспий құбыры консорциумы мәлімдеме жасады. Компания өкілдерінің сөзінше, Қазақстанда мұнай өндірісінің төмендеуіне құбырлар жүйесіндегі жөндеу жұмыстарының қатысы жоқ дейді. 

Бұған дейін министр Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында мұнай өндірісі туралы есеп берген еді. Ол жерде министр елде 11 айда мұнай өндірісінің түсуін  КҚК-дағы жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың тоқтауымен және Теңіз кен орнындағы зауытта жөндеу жұмысы болуымен түсіндірген.  

«2024 жылы КҚК жұмысында мұнай тасымалы көлемінің төмендеуіне себеп болатын шектеулер болмағанын хабарлаймыз. Штаттан тыс жұмыс тоқтауы да болған жоқ», – деп жазылған консорциум хабарламасында.

Компания мәліметінше, 2024 жылы жүк тасушылар Теңіз-Новосібір жүйесіне тапсырған барлық мұнай көлемі КҚК-ның Теңіз терминалына толық деңгейде тасымалданып, танкерлерге тиеледі. Ал болуы мүмкін деген жөндеу жұмыстары жайлы ақпарат алдын-ала жүк тасушыларға да, Энергетика министрлігіне де ескертіледі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 87,4 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл бұған дейін хабарланған жоспардан 2,5%-ға аз.

Сондай-ақ оқыңыз