Сирияның жаңа үкіметі Ираннан 300 млрд доллар талап етуге дайындалып жатыр. Олар «Тегеранның Сирия халқына жасаған зияны» үшін өтемақы сұрап отыр. Бұл туралы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап Al Modon басылымы жазады.
Дамасктің мәлімдеуінше, Иран үкіметі экс-президент Башар Асадқа қолдау білдірген. Ал жаңа үкімет Асад отбасының қашуы салдарынан елге үлкен нұқсан келді және оның өтеуі болуы керек деп отыр .
Дереккөздің сөзінше, қазір Дамаск халықаралық сотқа өтемақы төлеу туралы арыз түсірмекші. Ол қаржыны «Тегеран саясатының сириялықтарға және сириялық инфрақұрылымға жасаған қылмыстық салдарының өтемақысы» ретінде беру керек.
Осы жылы қарашада Сириядағы «Хаят Тахрир әш-Шам» бастаған жасақ астанасын басып алды. Жиырма жыл Дамаскіні басқарған Башар Асад отбасымен Ресейге қашып кетті.
Сирияда жаңа үкімет тағайындалып, Мұхаммед әл-Башир премьер-министр болып бекітілді. Ол 2025 жылдың 1 наурызына дейін үкіметті басқаратынын мәлімдеді.