Әзербайжан ұшағы Ақтауда емделіп жатқан сол елдің 14 азаматын еліне алып кетеді
Ақтау қаласында Әзербайжан азаматтары апат салдарын жоюға атсалысуда. Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігі ауруханада жатқан осы елдің азаматтарын аталған елден келген топ алып кетейін деп жатқанын хабарлады.
«14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 борты ұшуды жоспарлап отыр», – деп хабарлады ТЖМ
Ұшақ құлаған жерде азаматтық және әскери құрылымдар жұмыс істеуде. Жалпы 235 адам жұмылған. Олар ұшақ қирандысын тазалау үшін 100-ге жуық техниканы пайдалануда.
Айта кетейік, қаза тапқан 38 азаматтың 10-ы кім екені бегілі болды. Үшеуі ресейлік, төртеуі – әзербайжан, үшеуі – қазақстандық.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі екі адамның жағдайы нашарлағанын мәлімдеді. 11 адам реанимацияда жатыр.
Қазіргі уақытта ұшақтың құлауына зымыран себепші болды деген нұсқа кеңінен тарап жатыр. Euronews осы жөнінде жазды.