Ұшақ құлағанда қаза болғандардың рухын аза тұтқандар Каспий теңізіне гүл шоқтарын жіберді
Ақтау облысында теңізшілер Каспий теңізіне аза тұту гүл шоқтарын жіберді. Осы шаралар Ақтау, Құрық және Баутино порттарында ұйымдастырылды.
-Бұл – жантүгершілік ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығына құрмет белгісі болмақ. Бұл соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиғалардың бірі, бірнеше адам қайтыс болды. Олардың қатарында балалар да бар, – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Құрық портындағы әзірбайжандық «Zarifa Aliyeva» паромында да теңіз толқынына гүлдерді тастады. Баутино портына келгендер үнсіздік жариялады.
Еске алу шарасына қатысқандар қамкөңіл екендерін, қасірет салдарынан қайғыға душар болғандармен бірге екенін айтты.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтауға Бакуден Гронзныйға ұшқан борт құлады. 38 жолаушы апат болған жерде қаза тапты. Ұшақтың құлау себебі туралы түрлі болжам айтылып жатыр. Қазақстандағы тергеушілер әлі ешқандай нұсқаны растаған жоқ.