Ресей мен Әзербайжан мамандары ұшақ апатына жүргізілетін криминалистикалық тергеуге қатыспайды – Бозымбаев

Жарияланды (жаңартылды )
Ұшақ апаты орнынан тағы да қара жәшік жазбалары табылды/ фото: ТЖМ

Көлік министрі Марат Қарабаев Бакуден келген ұшақ Ақтау әуежайына екі мәрте қонуға оқталғанын мәлімдеді.  

«Қазақстанның әуе кеңістігіне енгеннен кейін, экипаж Ақтау әуежайындағы диспетчермен байланыс орнатты. Жердегі көрініс айқын болу үшін ұшу-қону жолағындағы шамдар қосылды», – деді министр 26 желтоқсан күні Ақтауда ұйымдастырылған брифингте министр.

Қарабаев оқиға хронологиясы бойынша тың деректер қосты:

  • 25 желтоқсан күні сағат 10:43-те Ақтөбедегі аудандық диспетчер орталығы Embraer 190  ұшағының рейсі және Грозныйдағы қосымша аэродромға қонатыны туралы хабар алған.
  • Қазақстан аумағына келгенше ұшақтың басқару жүйесі «сыр берген». Ростов диспетчері Махачкала мен Бакудағы ауа райы бұзылғанын, экипаж Ақтауға бұрылуға шешім қабылдағанын ескертті.
  • Сағат 10:53-те Ростов диспетчері жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғанын, ұшақтағылар есінен танғанын хабарлады.
  • Ұшақ келгенше Ақтаудағы барлық жедел қызмет көмек көрстеуге дайын болған.

Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылай Ордабаев жолаушылардан жауап алынғанын, әуежай қызметкерлерінен жауап алынып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта 4 мың шаршы метр аумақ түгелдей тексерілген. Оқиға орнынан тағы да қара жәшік жазбалары анықталды.

«Осы аумақты полиция күштері қарауылдайды. Борттағы жазбаны тіркейтін екі құрылғы табылды. Бұл  айғақ заттар әуе апатын зерттейтін тергеу басқармасына беріледі», – деді прокурор.

Ордабаевтың ақпараты бойынша 9 мәйіт анықталды. Олардың 2-еуі – Ресей Федерациясының, 4-еуі – Әзірбайжан Республикасының және 3-еуі – Қазақстан Республикасының азаматы. Орталық зертханаға ДНҚ сараптамалары тағайындалды.

«Алдағы уақытта қара жәшіктердің сараптамасы жүргізіледі. Тексеруді тиісті сертификаты бар екі ұйым өткізуі керек. Сондықтан қандай да бір нұсқаны ұсынбас бұрын, бәріміз шыдамды болуымыз керек. Біздің жергілікті криминологтар жүргізген кешенді сараптама бойынша ұшақтың қалдықтары мен адамдардың қалдықтары зерттелді. Техникалық сараптамаға Embraer өндірушілері мен ұшақ қозғалтқышын шығарған компания өкілдері де тартылады», – деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Мемлекеттік комиссия жетекшісі криминалогиялық зерттеуге Ресей мен Әзербайжан мамандары қатыспайтынын, бірақ әуе апаты бойынша тергеу жүргізуге құқығы барын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз