Баку Кремльден Embraer ұшағын Ресейдің атып түсіргенін мойындағанын күтеді – Reuters

Жарияланды (жаңартылды )
Баку ұшағын Ресейдің зымыраны құлатқаны туралы бірнеше басылым жазды/ фото: klm.kz

Әзербайжандағы Embraer ұшағы J2-8243 рейсін орындаған ұшақты Ресей тарапы шабуылдаған. Бұл туралы Reuters агенттігі де Бакудегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Ресей тарапы құстар соғылған соң, ұшақтың басқару жүйесі істен шыққанын хабарлаған болатын. Алайда Әзербайжаннан тергеу шараларына қатысып жатқан дереккөз басылымға «Панцырь-С» ресейлік әуе қорғанысы жүйесінің ұшаққа қатер төндіргенін мәлімдеген.

Енді «Әзербайжан осы деректі Ресей мойындағанын күтеді»,- делінген материалда.

Бұл жөнінде Reuters сауалына РФ Қорғаныс министрлігі жауап бермеген.

ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғанын да нақты айта алмайтынын, қазіргі уақытта тарап жатқан болжамдарды да жоққа шығармайтынын атап өткен.

Путиннің баспасөз хатшысы Песков тергеу барысында гипотезаға сүйену қисынсыз екенін айтқан.

Anadolu  агенттігіне де Әзербайжанның лауазымды шенеуніктері Ресей зымыран жүйесі ұшаққа шабуылдағанын растаған. Мәскеу қорғанысы радаиоэлктронды соғысқа қарсы құрылғыны пайдалануы салдарынан әуе көлігі істен шыққан деп жазды басылым.

Бейсенбі, 26 желтоқсанда, Euronews те ресейлік зымыран ұшақтың бағытын өзгерткенін жазды. Зымыран жарықшағы әуе көлігіне тиген. Ал Грозныйдағы әуежай қонуға рұқсат бермей, Махачкалаға бағыттаған. Махачкала әуежайы Ақтау әуежайына қонуды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз