«Самұрық-Қазына» қоры мемлекетке тағы да 158 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Самрук-Казына» выплатит правительству 158 млрд тенге дивидендов
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жалғыз акционері – Қазақстан үкіметіне 2023 жыл үшін тағы да дивиден төлейді. Акционердің шешімімен 2023 жылдың бқлінбеген пайдасынан 157,9 млрд теңге аударылмақ.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2024 жылдың 27 желтоқсанында 2023 жылдағы бөлінбеген пайдадан жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге ниетті. Бір акцияға дивиденд мөлшері – 45,37 теңге, төлем сомасы – 157 976 925 408,77 теңге», – делінген хабардламада.

20 қарашада «Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылы мемлекетке 1,3 триллион теңге, оның ішінде республикалық бюджетке дивиденд түрінде 579 миллиард теңге (бұл сомаға холдингке қарасты компаниялардың дивидендтері де кіреді) аударылғанын хабарлады.

Алайда қазақстандық сарапшылар бюджетке қомақты қаржы аударып отырған қор Үкіметтің қосымша «қоржынына айналды» деп сынға алған.

2008 жылы құрылған қордың жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі. Қазір қор иелігінде мұнай-газ, әуе тасымалы, энергетика және өнеркәсіп саласындағы ірі 26 компанияның үлесі бар. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, QazaqGaz, Самұрық Энерго», KEGOC, Қазпочта, «Қазақтелеком» мен олардың еншілес ұйымдары тұр.

Сондай-ақ оқыңыз