Жаңалықтар

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны рас па? / Фото: kursivmedia мұрағаты

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай экс-президенттің жары Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Отандақ БАҚ өкілдерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере кетсем. Оның қайтыс болғаны туралы желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпарат тарап кеткен. Ақпаратты бірінші болып, Bes.Media басылым жария еткен. Айдос Үкібайдың жауабынан кейін, басылым техникалық қате кеткенін мойындап кешірім сұрады.

«26 желтоқсан күні кешке Bes.Media Telegram арнасында техникалық қате бойынша бірнеше секундқа некролог жобасы жария болып, бірден өшірілді. Некролог – журналистика жанры, мұндай материалдарды алдын-ала дайындау әлемдік БАҚ тәжірибесінде бар», – деп жазды басылым.

Редакция Telegram арнада жария болған ақпарат үшін оқырмандардан кешірім сұрады. Бұған қоса, қателік кесірінен жария болған ақпарат БАҚ-тың сұраныстарына себеп болғанын түсіндірді.

Басылым болған оқиға үшін Сара Алпысқызы мен оның жақындарынан да кешірім сұрап, Сара Алпысқызына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.