Қызылордада кәмелеттік жасқа толмаған қыздың шулы оқиғасына қатысты тағы бір адамға үкім шықты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қызылордада оқушыны сексуалды қызметке мәжбүрлеу ісімен тағы бір адам сотталды
Қызылордада кәмелеттік жасқа толмаған қыздың шулы оқиғасына қатысты тағы бір адамға үкім шықты / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қызылорда қаласында мектеп оқушысын сексуалды қызметке мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық іс әлі де жалғасып жатыр. 26 желтоқсанда қалалық сот кәмелеттік жасқа толмаған қызды психотроптық заттарды тұтынуға көндірген айыпталушыға үкім шығарды.

«Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Н.-ға қатысты кәмелетке толмағанды психотроптық заттарды тұтынуға көндіру фактісіне қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында  қаралды», – делінген сот хабарламасында.

Зардап шеккен тараптың өкілі айыпты адамға кешірім бергеніне қарамай, сот айыпталушы «Н.» есімді азаматты 8 жылға бас бостандығынан айырған.

Оның кінәсі жәбірленуші тараптың куәгерлігімен дәлелденген.

Айта кетейік, осыған дейін сот мектеп оқушысын сексуалды қызмет көрсетуге итермелеу ісі бойынша үш адамды кінәлі деп тауып, біреуін 4 жыл 6 айға, екіншісін 4 жылға, үшіншісін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған. Іске байланысты үкімдер әлі де жалғасуы мүмкін. Себебі Қызылорда қаласының тергеу органдары 10 адамның тергеуге тартылғанын хабарлаған еді.

Тамыз айында мектеп оқушылары 16 жасар қызды жезөкшелікке итермелегені туралы ақпарат шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз