Энергетика министрлігі 2024 жылы қанша энергетикалық жоба іске қосылғанын хабарлады

Жарияланды
энергетикалық нысан
2024 жылы жалпы қуаты 700 МВт-тан асатын энергетикалық нысан іске қосылған / Фото: kursiv.media

2024 жылы жалпы қуаты 700 МВт-тан асатын энергетикалық нысан іске қосылған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстанның әр өңірінде мынадай энергетикалық генерация пайдалануға берілген:

қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок;

қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегаты;

қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегаты.

Бұдан бөлек жиынтық қуаты 163,35 МВт болатын ЖЭК жобалары да іске қосылған. Жаңартылатын энергия көздерін енгізу Қазақстанда жасыл генерацияның үлесін арттыруға жол ашады.

Ал жоғарыда аталған станциялар елдің энергетикалық қуатын арттыруға және парктік ресурстарын жаңғыртуғы мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз