Түркістан облысында блогер білім беретін мекемелерде жобаны ұйымдастырушыларды бопсалаған. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Күдікті мектептерде іс-шара өткізіп жүрген азаматтарды қорқытқан. Жоба кемшілігін жалпақ жұртқа жария етемін деп, 1 миллион теңге сұраған.
Тәртіп сақшылар оны нақты айғақтармен ұстады. Блогердің қалтасынан журналиске жұмыс орнынан берілетін куәлік табылды. Оған қоса банк кәртішкесін де полиция есепке алды. Күдіктінің шотына өзі талап еткен қаражат аударылғаны анықталды.
«Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведмсвто.
Маусым айында әлеуметтік желіні белсенді жүргізетін екі күдікті ұсталды. Олар Facebook парақшасындағы постты алып тастау үшін мектеп басшысынан 100 мың теңге беруді талап еткен. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша оларға қатысты іс қозғалды.